Жамбыл облысында полиция департаментінің екі лауазымды тұлғасы қамауға алынды
Жамбыл облысы полициясы басшылық құрамының екі өкілі қамауға алынды, деп жазады POLITICO.KZ ORDA басылымына сілтеме жасап.
31 тамыз күні Жамбыл облысында Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары екі ай мерзімге қамауға алынды.
Департамент бастығының бұрынғы орынбасары Жайдарбек Құттыбаевқа «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылуда. Сот отырысы барысында бұлтартпау шарасы туралы қаулыны естігеннен кейін оның денсаулығы нашарлап, ауруханаға жеткізілгені хабарланды.
Сонымен қатар, полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полковник Оразалы Құдабаев «Пара алу» күдігімен екі айға қамалды.
ORDA көздерінің ақпаратына сәйкес, департамент басшысының тағы бір орынбасарына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...