"Жаңа жыл тойлағандар - күнәһар": Нұр-Мүбарак оқу орнының түлегі уағыз айтты
972
Нұр-Мүбарак университетінің түлегі Айнұр Қайратқызы өзінің ainur_ustaz деген instagram парақшасында Жаңа жыл мейрамын мұсылмандарға тойлауға рұқсат жоқ екенін айтып, тойлаған адамның күнәһар болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның сөзінше «кәпірлер ойлап тапқан» мерекені мұсылмандардың тойлауына рұқсат жоқ.
«Әр жыл сайын атап өтілетін жаңа жыл мейрамын исламда тойлауға тыйым салынады. Біз барлық мұсылманға да мұсылман емеске де жақсылық тілейміз. Егер қазір кәпір адам жаңадан мейрам ойлап тапса, мысалы белгілі күнді белгілеп әр жыл сайын ол күнді атап өтетін болса біз оны қайталай алмаймыз. Жаңа жыл да сол секілді кәпірлердің ойлап тапқан мерекесі болған соң оны біздің тойлауымызға рұқсат жоқ. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. өз хадисінде былай дейді «кім қай қауымға ұқсаса, ол солардан». Ислам ғұламалары бұл хадисті былай түсіндірген «егер мұсылман адам кәпірлердің күпірлігінде оларға ұқпайтын болса діннен шығады, олардың ойлап тапқан әдетінде ұқсайтын болса, күнәһар болады»деді Айнұр Қайратқызы.
Сонымен қатар ол «Жаңа жылыңмен!» деп құттықтау күнә болатынын айтты. Оның сөзінше құттықтауға да «рахмет» деп жауап беруге тыйым салынатын көрінеді.
Соңғы жаңалықтар
25.07.2026
09:19
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жұбайына...
24.07.2026
23:12
Астанада 7 жастағы бала терезеден құлап қайтыс ...
24.07.2026
22:25
Астанада жас көшбасшыларды даярлайтын «Адал аза...
24.07.2026
22:21
«15 350 теңге»: Шарын шатқалындағы шай мен бауы...
24.07.2026
21:33
Нумеролог Ирина Раззақ: Ажырасқанымды анама үш ...
24.07.2026
21:08
"Өте ақылды әрі қу". Нумеролог Еркебұлан Тоқтар...