Жаңа туған екі сәбиін тұншықтырып өлтірген әйел ұсталды
Жапонияда 29 жастағы келіншек дүниеге келген екі сәбиін қатарынан тұншықтырып өлтіріп, мәйіттерін жасырып келген, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол алғашқы ұлын өлтіргеннен кейін денесін пакетке салып, суару каналына лақтырып жіберген. Бірнеше күннен соң кіндігі де кесілмеген нәрестенің жансыз денесі су ағызатын жерден табылған.
Арада бір жыл өткенде әйел тағы да ұл босанып, оны да тұншықтырып өлтірген соң мәйітін үйіндегі шкафқа жасырып қойған. Аса ауыр қылмыстың беті келіншек денсаулығы нашарлап ауруханаға түскен кезде ашылды. Дәрігерлер күдікті жағдайды байқап, дереу полицияға хабар берген.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталған 29 жастағы әйел өз балаларын өлтіргенін толық мойындаған. Қазіргі уақытта жапондық құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
10:13
Қазақстанда 2027 жылы зейнетақы 8,5 пайызға өсу...
28.10.2026
10:09
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшін...
28.10.2026
09:34
Жаңа туған екі сәбиін тұншықтырып өлтірген әйел...
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...