«Жаңа жылға дейін шығады»: «Келінжан» сериалының продюсері халықтан сүйінші сұрады

12.11.2025 13:45 Айсұлу Мұрат
«Жаңа жылға дейін шығады»: «Келінжан» сериалының продюсері халықтан сүйінші сұрады
0
51
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Гүлнұр Мамасарипова

Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова халыққа сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Атышулы «Келінжан» телехикаясының продюсері Гүлнұр Мамасарипова елмен сүйінші жаңалығымен бөлісті. 

«Достар, мен кітап жазам дегелі ширек ғасыр… Өмір өте, тұрмыс жұта береді екен. Оның үстіне менің қаламым көркем шығарма емес кино сценарий жазып кетті. Бірақ кітап деген бөлек дүние. Арқам ұстағанда оны айтуға актер емес өзім ғана қауқарлы екенімді білетінмін. Былтыр елуге келгенде “кітап жазамын” деп өзіме сөз бергенмін, сол сөзімде тұрдым. Ең қиыны өзіңе берген уәдеңде тұру! Мен осы қамалды алдым.

Кітап дайын, енді басып шығару ғана қалды, ол да біраз уақыт алады. Жаңа жылға дейін жарыққа шығарамын деп ниеттеніп отырмын.

Бұл кітап бестеллер болсын, оқырманы көп болсын деп тілеймін. Кітап оқисыздар ма? Комментке жазып кетіңіздер. Бұл мен үшін бизнес жоба емес, осыны да біле жүріңіздер. Зумерлердің де талғамын назарда ұстадық», — деп жазды продюсер.  

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий