Жанар Дұғалованың жаңа образы оқырмандарын таң қалдырды

Жанар Дұғалованың жаңа образы оқырмандарын таң қалдырды
29.04.2025 20:28
0
61
Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

Қазақстандық әнші әрі актриса Жанар Дұғалова әлеуметтік желідегі жаңа образы арқылы желі қолданушыларын сүйсінтті. "КешYOU" тобының бұрынғы солискасы Instagram парақшасында ашық иықты, нәзік роза түсті көйлек киген суретін жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Көйлек Жанардың сымбатты мүсінін айқын көрсетіп, ерекше көрік берді. Әншінің табиғи макияжы мен еркін төгілген шашы нәзіктік пен талғампаздықты толықтыра түсті.

Желі қолданушылары өнер иесінің сұлулығына тәнті болып, пікірлерін жарыса жазуда.

«Бұл Жанар емес, нағыз сұлулық символы», «Нәзік әрі керемет», «Фигураңыз – естен тандырады», «Сізге қарап әлем жарқырай түсті» деген секілді пікірлер желіні жаулап алды.

Айта кетейік, Жанар Дұғалова өзінің шығармашылығымен қатар, сирек, бірақ есте қаларлық фотосуреттерімен де жанкүйерлерінің назарын жиі аударады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий