Жандос Шаймарданов ҚСЗИ-дың жаңа директоры болып тағайындалды

ҚСЗИ басшылығы ауысты
Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды. Оның орнына Жандос Нұрланұлы Шаймарданов тағайындалды.
Жандос Шаймарданов 1987 жылы туған. Ол әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, Ұлттық экономика министрлігінің стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ ол «QazTech Ventures» АҚ басқарған, ҚР Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры болған, кейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросын басқарды, сол агенттіктің төрағасы лауазымына дейін көтерілді.
Осы тағайындауға дейінгі соңғы қызметі – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болған.
Соңғы жаңалықтар





