Жәнібектің бельгиялық анасы қайтыс болғаны хабарланды
Журналист Қымбат Досжан Қазақстаннан туған анасын іздеген Жәнібектің асырап алған бельгиялық анасы қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды politico.kz “Адырна” сайтына сілтеме жасап.
Ол қайғылы хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында естіртіп, Жәнібекке көңіл айтты.
«Достар, Жәнібекті асырап алған анасы Валери бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек берік бол…», деп жазды Қымбат Досжан.Қоса кетейік, эвтаназия тәсілі дегеніміз - әлдебір әрекетпен немесе құралдармен төзгісіз және емі жоқ аурумен ауыратын науқастың өмірін тоқтату тәжірибесі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
09:22
Әйеліне күш қолданғаны расталмады: прокурор тек...
21.10.2026
09:19
Шымкентте жалдамалы пәтердегі екі бала өлімінің...
21.10.2026
08:53
Жетісуда 4,5 миллиард теңгелік жолдың жолы болмады
21.10.2026
08:44
Петропавлда белгісіз сұйықтықты ішкен екі адам ...
21.10.2026
08:23
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жасайты...
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды