Жеке клиникада салынған екпеден кейін 20 жастағы жігіт көз жұмды

02.05.2026 14:08 Қарақат АСЫЛОВА
Жеке клиникада салынған екпеден кейін 20 жастағы жігіт көз жұмды
192
Коллаж: Ulysmedia.kz
Жас жігіттің өліміне дәрігер қателігі себеп болуы мүмкін

Әлеуметтік желілерде Астанадағы бір жеке стоматологиялық клиникада 20 жастағы жігіттің қайтыс болғаны туралы ақпарат қызу талқылануда, деп хабарлайды Politico.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтемемен.

Threads платформасында тараған мәліметке сәйкес, жас жігітке медициналық процедура кезінде дәрігер аллергиялық сынама жасамай, препарат еккен. Инъекциядан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, тырысу белгілері байқалған.

Пост авторының айтуынша, жағдай ушығып тұрғанына қарамастан, науқасқа препарат қайта енгізілген. Осыдан кейін жас жігіт қайтыс болғаны хабарланды. Сондай-ақ инъекцияны тәжірибеден өтіп жүрген практикант жасағаны, ал дәрігер толық бақылау жүргізбегені туралы да айтылуда.

Астана қалалық полиция департаменті бұл деректі растады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"20 жастағы қала тұрғынының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Қазір оқиғаның нақты себептері мен жауаптылардың әрекеті тергеу барысында анықталатын болады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий