Желіде Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатыр деген фейк тарады
361
Әлеуметтік желілерде әскери техниканың видеосы тарады. Онда бұл әскери техника Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келісімі бойынша Қазақстаннан Ресейге жөнелтіліп жатқаны айтылады. Алайда бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрлігі өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл қазақстандық техниканы Ресей Федерациясына жіберу сәті емес", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, қазір Қазақстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығуларына арналған техниканы жөнелту жұмыстары жүріп жатыр. Оқу-жаттығулар туралы ақпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында да жарияланған. Шара 2022 жылғы 26 қыркүйектен 8 қазанға дейін Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Оған ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" қатысады.
"Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесетке ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
27.07.2026
17:51
Қазақстанда тағы да 44°C-қа дейін ыстық болады
27.07.2026
17:47
Астанада бір жасар сәбиден туберкулез анықталды
27.07.2026
17:03
Ринат Зайытов: Ауылдарымыз жабылып қала ма деп ...
27.07.2026
16:20
Руслан Тай: Бес жыл бойы "әдемі" өлудің жолын і...
27.07.2026
16:14
"Үстіңнен иіс шығып тұр": танымал асабаның әзіл...
27.07.2026
16:12
Алакөл маңындағы жол апатынан бірнеше адам көз ...