"Желкеңнен жасырын түсіріп тұрады": Ерке Есмахан дөрекілік танытатын адамдарды ескертті
411
Отандық танымал әнші Ерке Есмахан жасырын түрде өзін суретке түсіріп, дөрекілік танытатын жанкүйерлері туралы сөз қозғады. Өнер иесі кей жағдайда оқырмандарының бетін қайтаруға мәжбүр екенін айтты.
Ерке Есмахан азулы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Өнер иесі қарбалас кезде жанкүйерлерімен суретке түсуден бас тартатын кездері болатынын жасырмады.
"Аллаға шүкір, еңбектің жемісі ғой. Қайда барсақ та танып, қасымызға келіп жағдай сұрап, сәлемдесіп, фотоға түсіп тілектерін жаудырып жатады. Үлкендер ақ баталарын аямайды. Кез келген жерде сыйлап құрметтейтін халықты көріп қуанамыз. Рақмет! Бірақ, кейде артық сөйлеп, дөрекіленіп суретке, видеоға түскісі келетін адамдар да бар. Болмаса тамақтанып, демалып немесе өз шаруаңмен асығыс, уақытың болмай шауып жүргенде төбеңнен, желкеңнен жасырын түсіріп тұратындар да болады. Көбінесе бәрін сыйлап, ешкімнің бетін қайтармауға тырысамын. Ал кейде "жоқ" деп отказ берсем дым ренжімеңіздер. Менің де ондайдан жүйкем ауыратын кездер болады", - деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар
22.07.2026
16:52
Заңгер Құрылтайға әншілердің сайлануы туралы: Х...
22.07.2026
16:47
ШҚО-да сотталып кеткен Жақсылық Омардың орнына ...
22.07.2026
16:28
Сарапшы: Құрылтайға заңның «з» әріпін білмейтін...
22.07.2026
16:13
Назарбаев 58 млрд теңге қарызы бойынша сотта же...
22.07.2026
15:31
Жамбыл облысында туысының қызын зорлаған ер ада...
22.07.2026
15:23
Жігер Ауыпбаев: Қазақ қызы басқа ұлт өкілімен о...