Жемқорлық бойынша сотталған Хаменова түрмеге бармайтын болды

17.03.2026 16:01 Әсел Мұрат
Жемқорлық бойынша сотталған Хаменова түрмеге бармайтын болды
289
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды7 Осылайша ол енді түрмеде жазасын өтемейді, деп хабарлайды Politico.kz.

16 наурыз күні Атырау қаласының №2 соты пробация қызметінің ұсынысын қарады. Осыдан үш жыл бұрын Хаменованың жазасын өтеу мерзімі кішкентай баласының болуына байланысты 10 наурыз 2026 жылға дейін кейінге шегерілген еді.

Үш жылдық жазаны өтеуді кейінге қалдыру мерзімі (баласының кішкентай болуына байланысты берілген) аяқталғанға дейін, яғни 2026 жылғы 10 наурызға дейін Хаменова заң бұзбаған және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

Осыны ескерген сот қалған жаза мерзімін бостандығын шектеумен алмастырып, пробациялық бақылауды сол күйінде қалдырды.

Бұған дейін, 2022 жылы қарашада сот Бақытгүл Хаменованы Атырауда Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату жобасына қатысты 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген айыппен кінәлі деп тауып, оған 7 жыл түрме жазасын және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салу жазасын тағайындаған. Сонымен қатар оның мүлкі тәркіленген.

Хаменова өз кінәсін мойындамай, үкімге шағым түсіргенімен, сот шешімі өзгеріссіз қалған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий