"Жомарттың соққылары өте өткір еді": Тоқаевтың сыныптасы президент жайлы

12.08.2025 15:59
0
550
Коллаж: POLITICO.KZ

Президент Тоқаевтың сыныптастары оның жас кезіндегі төбелестердің бірін еске алып, соққылары өте өткір болғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

Бұл естеліктер Мемлекет басшысы оқыған Алматыдағы №25 мектеп-гимназиясы туралы фильмде айтылған. Достарының айтуынша, Жомарт сол кездің өзінде дауды бейбіт жолмен шешуге тырысқанымен, қажет болса өзі үшін тұра білген.

Сыныптасы Андрей Антоненконің айтуынша, бірде олар үшеуі көшеде келе жатқанда, төрт адамнан тұратын топ «Темекі бар ма?» деп сөз бастаған. Олар темекі тартпайтынын айтқан соң, сөзден сөз шығып, Жомарт сөйлей бастағанда, қарсы топтағылардың бірі шапалақпен ұрған.

«Соңында біз таяқ жесек те, әлгі топтың өзіне де біраз тиді, олар кері шегінді. Жомарттың соққылары өте өткір еді, себебі ол үстел теннисімен айналысатын», – дейді Антоненко.

Ол Тоқаевтың сол кездің өзінде нағыз дос болғанын және солай болып қалғанын қосады.

Айта кетейік, бүгін президент таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоумен кездесу кезінде тақтайды бір соққымен сындырған болатын.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий