Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа бейнесімен елді таңғалдырды

Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа бейнесімен елді таңғалдырды
19.05.2025 16:49
0
149
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал актриса әрі Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова садақшы кейпінде суретке түсіп, әйелдің күш-қайраты жайлы жыр жолдарын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол жаңа фотоларын Instagram парақшасына жүктеді. Кадрларда актриса қара түсті қысқа көйлек пен аң терісінен тігілген бас киім киіп тұр. Қолында – садақ пен жебе. Жұлдыз бұл образды ақын Шахназ Сайнның өлең жолдарымен толықтырған.

«Айғайлап жылады,

Баяу көтерілді,

Сосын барлық қиындықты күл-талқан етті.

Әйел – күлден қайта тірілген феникс.

Ол өзін қайта құра алды», – деп жазылған жазбада.

Желі қолданушылары актрисаның образын жоғары бағалап, түрлі жылы пікірлер қалдырды:

«Әдемі», «Сіз өте батыл, дана, мықты, қамқор әрі сұлу анасыз», «Шабыттандыра беріңіз, өмірді сүйіңіз. Ең бастысы – Құдайдан басқаның алдында иілмеңіз», «Ішіңізде әлі де жымиып, үнсіз жылай алатын кішкентай қыз өмір сүріп жатыр», «Жолбарыс секілдісіз» деген пікірлер жазылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий