Жүргізушілерге қате жазылған айыппұлдар жойылып, ақшасы қайтарылады

17.08.2026 16:28 Қарақат АСЫЛОВА
Жүргізушілерге қате жазылған айыппұлдар жойылып, ақшасы қайтарылады
164
Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов

Қазақстанның республикалық тасжолдарында техникалық ақауға байланысты жүргізушілерге қате жазылған жылдамдық айыппұлдары жойылады, деп хабарлайды Politico.kz порталы ІІМ сілтемемен.

Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде 13 пен 14 тамыз аралығында техникалық ақау болған. Осының салдарынан орташа жылдамдықты асырған кейбір жүргізушілердің бұзушылығы бір-сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген. Қазір мамандар бірлесіп, бұл ақаудың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов көлік иелерінің ешқайда барып, полицияға ештеңе дәлелдеуі қажет емес екенін айтты.

«Қате қалыптастырылған барлық нұсқама анықталды және олар автоматты түрде жойылады», – деді Мұрат Қабденов.

Бұл мәселе тек тасжолдардағы аталған ақаудың кесірінен қате рәсімделген айыппұлдарға ғана қатысты екені нақтыланды. Ал мұндай қате айыппұлды төлеп үлгерген жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр. Министрлік жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий