«Жылдамдықты 66 км/cағаттан асырғандарға айыппұл салынады»: полиция күтпеген мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде бүгін түнгі 00:00-ден бастап жолдағы максималды рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болып өзгертілетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Жылдамдықты 68, 69 немесе 75 км/сағ деңгейіне дейін асырған жағдайда, бұл факт бейнебақылау камераларымен тіркеліп, автоматты түрде 19 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, артық шығынға ұшырамауыңызды сұраймыз», - делінген желіде тараған хабарламада.
Ішкі істер министрлігі бұл хабарламаны жоққа шығарды.
«00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны» жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық - 60 км/сағат. Камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды», – деп хабарлады министрлік.
Сондай-ақ тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...