Мейрамбек Бесбаев 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді
764
Қазақ эстрадасының дүлділі Мейрамбек Бесбаев басы дауға қалып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді. Әнші өнердегі інісіне желіде жазба арнады, деп жазады politico.kz.
Мейрамбек Бесбаев елдің қызу талқысына түскен Қайрат Нұртастың оқиғасына қатысты пікір білдіріп, Instagram-дағы парақшасында достық туралы сыр шертті. Өнер иесі 15 тәулікке қамалған інісіне қолдау білдіріп, ағалық ақылын айтты.
"Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайында жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділетті", - деп жазды Бесбаев.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
13:38
Тәжірибеге артылған сенім
29.09.2026
13:18
«Жұлдызын жандырсам дедім»: Гүлзира Айдарбекова...
29.09.2026
12:53
Тоқаев Германияға қандай әріптестік ұсынды?
29.09.2026
12:45
«Үнсіз қалмау керек»: Жан Мұқанов шоу-бизнестег...
29.09.2026
12:35
Каспийде қаза тапқан 20 жастағы Алмас Көбенов а...
29.09.2026
12:26
Астанада егіз көтерген әйел екі ұлынан айырылды