Мемлекет басшысы күйші Әбдімомын Желдібаевтың туыстарына көңіл айтты

13.04.2024
11:24
0
188
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәулескер күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
– Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. «Ерке сылқым» сияқты өміршең күйлерімен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Өнегелі өмір сүріп, соңына музыкалық мол мұра қалдырған Әбдімомын Желдібайұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

05.07.2025
17:01
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен ...

05.07.2025
16:31
"Шаршатып жібердің": Тұрсынбектің әйелінің жас ...

05.07.2025
15:27
34 жастағы ер адам суретке түсем деп, жардан құ...

05.07.2025
13:45
Он адамнан тұратын отбасы бір жылдан бері ізде...

05.07.2025
13:37
Тоқаевтан кейін кім келеді: Келесі президентке ...

05.07.2025
13:07
"Бұрын да сандырақтайтын". Төрт баласын суға ағ...