Назарбаев Бұхарада Өзбекстан президенті Мирзиеевпен кездесті
738
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаланың тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысу үшін Бұхара қаласына барды.
Сапар барысында Н.Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесті. Бұл кездесу Мирзиеевтің аталған облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған жұмыс сапарымен тұспа-тұс келген.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев бірге Бұхараның бірқатар маңызды да көрікті жерін аралады. Олар қаланың мәдени-тарихи мұрасын талқылап, оның Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңыздылығын атап өтті.
Еске сала кетсек, қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев халық алдына сирек шыға бастады. Ал соңғы рет Назарбаевты жұртшылық БАӘ-де жүрген кезде көрген.
Фото: видеодан кадр
Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
23:20
19 жастағы сарбаз өздігінен жүре алмай үйіне ор...
10.09.2026
22:17
Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар на...
10.09.2026
21:19
Атырауда бес жасөспірім бір оқушыны ұрып-соққан...
10.09.2026
20:21
Қызылорда облысында 6 жастағы бала түнде Toyota...
10.09.2026
20:03
Олжас Бектенов денсаулық сақтау жүйелерін цифрл...
10.09.2026
19:06
Қорғас тасжолында үш адам қаза тапқан апат: Экс...