Назарбаев Бұхарада Өзбекстан президенті Мирзиеевпен кездесті

07.09.2024
22:03
0
473
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаланың тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысу үшін Бұхара қаласына барды.
Сапар барысында Н.Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесті. Бұл кездесу Мирзиеевтің аталған облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған жұмыс сапарымен тұспа-тұс келген.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев бірге Бұхараның бірқатар маңызды да көрікті жерін аралады. Олар қаланың мәдени-тарихи мұрасын талқылап, оның Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңыздылығын атап өтті.
Еске сала кетсек, қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев халық алдына сирек шыға бастады. Ал соңғы рет Назарбаевты жұртшылық БАӘ-де жүрген кезде көрген.
Фото: видеодан кадр
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

01.07.2025
20:53
Димаштың інісі Мансұр Құдайберген де өнерге бет...

01.07.2025
20:04
Биыл Yandex Qazaqstan 3 млрд теңге салық пен әл...

01.07.2025
19:59
Жұлдыз Әбдікәрімова жүйкесі тоза бастағанын айтты

01.07.2025
17:48
«Әжелер сияқты»: Тәуекел Мүсілімнің жұбайы сынғ...

01.07.2025
17:23
Аты аңызға айналған дипломат Генри Киссинджер Т...

01.07.2025
17:21
Германияда енесінің қолынан қатігездікпен өлген...