Назарбаев Бұхарада Өзбекстан президенті Мирзиеевпен кездесті
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаланың тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысу үшін Бұхара қаласына барды.
Сапар барысында Н.Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесті. Бұл кездесу Мирзиеевтің аталған облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған жұмыс сапарымен тұспа-тұс келген.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев бірге Бұхараның бірқатар маңызды да көрікті жерін аралады. Олар қаланың мәдени-тарихи мұрасын талқылап, оның Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңыздылығын атап өтті.
Еске сала кетсек, қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев халық алдына сирек шыға бастады. Ал соңғы рет Назарбаевты жұртшылық БАӘ-де жүрген кезде көрген.
Фото: видеодан кадр
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
09:37
110 мың теңге жалақы, үш жылдық мораторий: Үкім...
29.10.2026
09:26
Кентауда екі жастың өмірін қиған дәмхана жарылы...
29.10.2026
08:00
Астанада пәтерін босатуды талап еткен әйел таяқ...
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...