"Неше күннен бері түсіме кіріп жүр": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алды

16.07.2024
17:36
0
668
Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жазба жариялап, соңғы кезде өзін мазалап жүрген жайт туралы айтты. БАҚ өкілі марқұм күйеуі бірнеше күн бойы түсіне кіріп жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, соңғы кездері марқұм жолдасы түсіне жиі кіріп жүргенін айтты. Соған орай тележүргізуші жеті шелпек пісіріп, күйеуінің әруағына құран бағыштаған. "Неше күннен бері Қайрекең түсіме кіріп жүр. Неге екенін білмеймін. Бүгін жеті шелпек пісірдік", - деп жазды БАҚ өкілі.
Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы ұл тәрбиесі туралы пікірін айтты. "Ұлдар өскен сайын іште басқаша сезім. Өз қалаулары, жоспарлары бар, приоритеттері басқа, баяғыдай қолынан ұстап жетектеп кете салмайсың. Қартайғанда мені сүйрейтін болса деп армандап қоямын. Негізі "қартайғанда мені асырау керек" деген міндет артқанды ұнатпаймын", - деп жазды тележүргізуші.Еске сала кетейік, 2022 жылы қарашада Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

13.07.2025
13:27
Мейрамбек Бесбаев Мальдив аралдарында демалып ж...

13.07.2025
12:57
Қабатовтың «екінші әйелінің» мәлімдемесі тарады

13.07.2025
12:21
Раймның бұрынғы сүйіктісі ұзатылды

12.07.2025
17:14
Үндістандағы ұшақ апатының нақты себебі анықталды

12.07.2025
16:08
"Бәрінен шаршадым...". Аша Матай күтпеген мәлім...

12.07.2025
15:04
Түркістан облысында 9-сынып оқушысын төрт адам ...