"Ойбай, қайтып алыңдар деді": Ақтөбені тасқын судан аман алып қалған зейнеткерді басшылық қайта жұмысқа шақырды
197
Ақтөбені тасқын судан аман алып қалған зейнеткер, су саласының маманы Шыңғыстау Әбдиевті аймақ басшысы қайта жұмысқа шақырған,-деп хабарлайды politico.kz
36 жыл Ақтөбе су қоймасында еңбек еткен, еңбегі еленіп, президент қолынан марапат алған Шыңғыстау Әбдиев былтыр желтоқсанда зейнетке шыққан. "Жаңа басшы шақырып алды. Қайтадан жұмыс істеп жатырмын. Мұндай тәжірибелі мамандарды жібермейміз, жастарды үйретсін деген.
Зейнетте үйге сыймай кетеді екенсің. Қайта жұмысқа қосылғаныма қуаныштымын", - дейді Шыңғыстау Әбдиев. Ақтөбеде тасқыннан қауіп күшейгенде мамандар су қоймасынан 1000 текше метрге дейін су жіберуді көздейді.
Бірақ бұрын-соңды қолданылмаған кранды қозғалту қиынға соғады. Шыңғыстау Әбдиев ептілігінің арқасында техниканы еркін бағындырып, жұмысты сәтті аяқтайды.
"Техника дегенді жаймен, баппен істемесе, бірден істен шығып кетуі мүмкін. Бұрынғы тәжірибенің арқасында ақырындап ашып, суды жібердік. 3-4 сағат ішінде бәрін реттеп, суды жіберіп үлгердік. Апаттың алдын алдық. Елдің амандығын сақтап қалуыма атсалысқаным үшін өзім де қанаттанғандай болдым", - дейді гидрология саласының ардагер маманы.
Соңғы жаңалықтар
28.03.2026
14:16
Қостанайда жоғалған жасөспірімнің денесі табылды
28.03.2026
13:36
Қазақстанның тәуелсіздігін мақтаған ресейлік де...
28.03.2026
13:19
Астанадағы сауда орталығында жаппай төбелес бол...
28.03.2026
12:20
Түркістанда 8 жастағы бала бесінші күн қатарына...
28.03.2026
12:09
Дрондар түсіп, қазақтар төбелескен Ресейдегі по...
28.03.2026
11:27
Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес...