Олжас Бектенов егін жинау науқанын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды
0
2870
Үкімет басшысы Олжас Бектенов егін жинау науқанына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында Ауыл шаруашылығы министрі, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика вице-министрлері, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлады politico.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 580 млрд теңге көлемінде рекордтық қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома 5 есе ұлғайтылды. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын кеңейту шаруаларға егіс науқанын сәтті өткізуге мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жаппай егін жинау жұмыстары тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Бүгінде ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98%-ды қамтып отыр. Барлығы 149 мыңнан аса трактор, 38 мың астық жинайтын комбайн және 14 мың дестелегіш тартылатын болады.
Үкімет басшысы вице-премьер Серік Жұманғариннің басшылығымен тиісті министрліктер, әкімдіктер мен шаруалар арасындағы жұмысты үйлестіру мен бақылау үшін егін жинау науқанын өткізу жөніндегі жедел штаб құруды тапсырды.
Егінді сапалы жинап алу және сақтау еліміз үшін ерекше маңызға ие. Туындайтын барлық мәселені күнделікті пысықтау қажет. Бұл тек министрліктерге ғана емес, әкімдіктер мен фермерлердің өздеріне де қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егін жинау жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Дәнді дақылдарды сақтаудың тиісті жағдайын қамтамасыз ету де маңызды, - деді Олжас Бектенов.Материалдың толық нұсқасы мына сілтемеде. Фото: primeminister.kz
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
29.10.2025
14:13
"Тойдағы ұятсыз ойындарға тыйым салынбақ". Депу...
29.10.2025
13:37
Динара Сәтжан шашын жалбыратып, аяғын айқастыры...
29.10.2025
13:27
Назарбаевтың қарындасына тиесілі компания мемле...
29.10.2025
13:26
Келесі үш жылда зейнетақы мен жәрдемақы қалай ө...
29.10.2025
13:09
«Талай жолдан өттім»: «Диета» тобының әншісі ау...
29.10.2025
13:08
Онлайн несие енді бірден берілмейді