Орынбор маңындағы Жайық өзенінде су деңгейі 1054 см-ге дейін көтерілді
625
Бейсенбі күні таңертең Ресейдің Орынбор облысы Орынбор ауданындағы Жайық өзенінде су деңгейі 1054 см-ге дейін көтерілді.
«11 сәуір күні сағат 06:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 1054 см құрайды», - делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Жайықтың Ресей бөлігінде бөгет бұзылып, тұрғындарды эвакуациялау басталғаны туралы хабарланған болатын. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен РФ Төтенше жағдайлар министрлігіндегі әріптестерімен тікелей байланыста болып, жағдайды қадағалап отырғанын мәлімдеді.
Орынбор облысында көктемгі су тасқыны жағдайы 100 жылда бір рет болады. Орск қаласында өткен төтенше жағдай комиссиясының отырысында ресейлік арнайы қызмет мамандары осындай қорытындыға келді. Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
10:20
ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қаза ...
20.09.2026
09:16
Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында чемп...
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...