ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханаға түсті
Шығыс Қазақстан облысында үш көлік соқтығысып, жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға салдарынан тағы бірнеше адам медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.
Жол-көлік оқиғасы 18 қыркүйек күні шамамен сағат 18:30-да «Өскемен – Рахман қайнарлары» автожолының 48-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota, Chevrolet және Subaru көліктері соқтығысқан.
Апат салдарынан Toyota көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қалған жол қозғалысына қатысушылар түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Құзырлы органның мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
12:19
Қарағанды тұрғыны қала әкімін сотқа берді
04.11.2026
11:49
Ауыр жол апатында екі аяғынан айырылған Талғатқ...
04.11.2026
11:18
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі тағы да сотқа тартыл...
04.11.2026
11:17
Савельева мен Бекмановтың Қорғаныс министрлігін...
04.11.2026
10:55
Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті
04.11.2026
10:46
Алматы облысында зооқорғаушы Тепляковтың өлімін...