Павлодар облысында су басу қаупі өтті
706
Павлодар облысында қазіргі кезде тұрғын үйлерді су басу және жолдарды шайып кету қаупі толығымен жойылды. Арнайы құрылған облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.
Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың барлық өтінімдері толық көлемде өтелді.
ҚР Президенті тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Аймақ бойынша демеушілік қаражат есебінен 98 млн. теңгеге 120 отбасы өтемақы алды.
Өңірде қалпына келтіруге келмейтін 7 үй тіркелді, оның ішінде екі отбасыға сол елді мекенде басқа тұрғын үй сатып алынды. Ал қалған 5 отбасы үшін жаңа үйлердің құрылысы басталды.
Қажетті құрылыс материалдары жеткізілуде. Жұмыстарды 3 айда аяқтау жоспарланған. Су тасқынынан зардап шеккен барлық елді-мекендерді анықтау жұмыстары жалғасуда.
Жаңадан зардап шеккен отбасылар анықталған жоқ.
Су тасқынына қарсы күрес жұмыстары өңір басшысының тікелей бақылауында.
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
17:17
Тікелей эфирде мысықты тістеген ер адамға айыпп...
22.09.2026
17:06
«Дәлізде домбырамен ән салдым»: Гүлнұр Оразымбе...
22.09.2026
16:51
Құлыбаевтардың қалтасына 665 млрд теңге түспек
22.09.2026
16:42
«Жігітке еркек болуды үйрету керек»: Ырысбала И...
22.09.2026
16:34
«Пышақпен қорқытып, шашынан сүйреп, басын диван...
22.09.2026
16:04
Мыс бар. Енді одан не жасаймыз?