Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 млн теңгеден беріледі
395
Тыл еңбеккерлеріне теңестірілген азаматтарға 10-40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем жүргізіледі. Жалпы өңір бойынша 3,8 мыңнан астам адам мұндай көмек түріне ие болады.
Қазіргі уақытта Павлодар облысының аумағында көзі тірі 7 соғыс ардагері бар. Жеңіс күніне орай олардың әрқайсының шотына 2 млн теңгеден біржолғы төлем аударылады.
Қаражат «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы ұсынған тізімге сәйкес алушылардың дербес шоттарына автоматты түрде аударылады.«Жалпы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар мен жараланғандар және тыл еңбеккерлеріне теңестірілген 3,8 мыңнан астам азамат жалпы сомасы 350 миллион теңге біржолғы төлем алады. Жеті соғыс ардагерінен өзге азаматтарға тағайындалған төлем мөлшері – 10-40 айлық есептік көрсеткіш», - деп хабарлады өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
13:20
Тоқаев Жолдауын қашан жариялайтынын айтты
11.09.2026
12:49
«Алла тағала қабыл алды»: Бақытжан Базарбек аур...
11.09.2026
12:44
"Тап қызымды": марқұм Мәдинаның анасы Мадиярмен...
11.09.2026
12:02
«Жүрегімнің тыныштығы»: Айгүл Иманбаева жолдасы...
11.09.2026
11:54
Балқашта «Қазақмыс»-тың оқу полигоны ашылды
11.09.2026
11:06
11 қыркүйек оқиғасына 25 жыл: АҚШ-ты дүр сілкін...