Петропавлға таза су беріліп жатыр, жалған ақпарат таратушылар жауапқа тартылады – Серік Мұхамедиев
577
Петропавлда жергілікті билік балама су көзін қосып, тұрғындарды сумен қамту мәселесін екі күн ішінде шешті. Бірақ бүгін әлеуметтік желіде сумен қамтушы кәсіпорынды су басқандығы туралы видео тарап, халықты тез арада су қорын жасауға шақырған аудиожазба чаттан чатқа көшті.
Петропавл қаласының әкімі бұл жазбалардың жалған екендігін хабарлап, жұртты қауесетке ермеуге шақырды.
Қала әкімінің айтуынша, қазір су қысымы қалпына келеді. Жасанды түрде дүрбелең тудырған кінәлілер жазаланады. Бұған дейін Петропавлда жалған ақпарат таратқан 20 жастағы жігіттің жауапқатартылғандығын айтқан едік.«Кеше кешке үйлерге су берілді. Бүгін таңертең сорғы станциясын су басқандығы туралы жалған ақпарат тарап, су қорын жинауға шақырған хабарлама тарады. Соның салдарынан бүкіл қала тұрғындары су алуға кірісіп, судың қысымы түсіп кетті. Ал тараған бейнежазбаның «Қызылжар су» кәсіпорнына қатысы жоқ. Қала тұрғындары, қайталаймын – тараған ақпарат жалған. Біз өз әрекеттімізбен әдеттегі жұмыс режимін бұзып, су қысымын жасанды түрде төмендетіп жібердік. Жалған ақпарат таратушылар! Петропавлда қазір өте қиын жағдай, адамдар алаңдап отыр, сіздер фейк тарату арқылы дүрбелең тудырып отырсыздар. Бұл бейне-аудио жазбалардың барлығы авторлар мен таратушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жіберілді», - деді Серік Мұхамедиев.
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...
19.09.2026
14:09
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026
13:26
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғы...