Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады

04.04.2024
15:41
0
195
Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы қалыптасқан жағдаймен танысты.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады. Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді. Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

08.07.2025
14:31
Ақмола облысында су құбырын жөндеп жатқан 2 жұм...

08.07.2025
13:52
Ресей мен Украина татуласса, Астана қандай бағы...

08.07.2025
13:33
Сұмдық жағдайда көз жұмған 100 адамның мәйіті т...

08.07.2025
12:57
Шымкентте үш жасар бала көпқабатты үйдің терезе...

08.07.2025
12:31
Балабақшада сәбилерді әдейі уландырғандар ұсталды

08.07.2025
12:14
Ақмола облысында сібір жарасы анықталып, екі ау...