Балабақшада сәбилерді әдейі уландырғандар ұсталды

Балабақшада сәбилерді әдейі уландырғандар ұсталды
08.07.2025 12:31
0
123
pexels.com

Қытайдың Ганьсу провинциясында балалардың қорғасынмен улануы дерегі бойынша сегіз адам қамауға алынды.

Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ауыр металл балалардың ағзасына тағам арқылы енген. Атап айтқанда, құрамында тыйым салынған бояғыш бар өнімдер — құрма қосылған бәліштер мен қамырға оралған шұжықтар улануға себеп болған. Ең сорақысы, пайдаланылған қоспа қаптамасында тағамда қолдануға тыйым салынғаны анық көрсетілген.

«Шанхай жибао» басылымының мәліметінше, бұл жағдайдан 19 бала зардап шеккен. Олардың кейбірінде қандағы қорғасын деңгейі 400 мкг/л-ден асып кеткен. Бұл — шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды қажет ететін көрсеткіш, себебі 250 мкг/л деңгейінің өзі медициналық көмекке негіз болып табылады. Балалардың ата-аналары бірнеше ай бойы балалардың жүрегі айнып, іштері ауырып, диарея мен аяқтарындағы әлсіздікке шағымданғанын айтқан.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінде балабақша директоры да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Оқиға ел ішінде үлкен резонанс тудырып, тағам қауіпсіздігі мен балалардың денсаулығына қатысты бақылау жүйесінің осалдығын көрсетті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий