Сұмдық жағдайда көз жұмған 100 адамның мәйіті табылды

АҚШ-тың Техас штатында болған алапат су тасқыны 104 адамның өмірін жалмады, оның ішінде 28 бала бар, ал 24 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Керр округінде 84 адам қаза тапты, 11 тұрғын іздестірілуде. Тағы бес округте 20 адамның мерт болғаны белгілі болды. Керрвилл маңындағы Camp Mystic қыздар лагерін толықтай су шыйып кетті, ол жерде оқып жатқан 27 қыз бала мен тәрбиеші көз жұмды.
Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Көптеген жолдар мен инфрақұрылым зақымданған. Құтқарушылар жұмысына нөсер жауын мен улы жыландар кедергі келтіріп жатыр.
Президент Дональд Трамп федералды көмек көрсетілетінін мәлімдеп, ішкі қауіпсіздік министрін Техасқа жіберді. FEMA агенттігі жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр.
Мамандардың айтуынша, Гуадалупе өзені бір сағат ішінде 8 метрге көтерілген. Кей өңірлерде небәрі бірнеше сағат ішінде айлық жауын-шашын мөлшерінен 4–5 есе артық жаңбыр жауған.
Су тасқыны үйлер мен демалыс орындарын шайып әкеткен. Жергілікті билік мұндай ауқымды апатты күтпегенін мойындады. 1987 жылғы тасқыннан кейін мұндай көлемде адам шығыны алғаш рет тіркеліп отыр.
Соңғы жаңалықтар





