"Психотроптық заттар қолданады": Әнару Құрманәліге қатысты тың дерек шықты
876
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың Әнару Құрманәлінің психологиялық-наркологиялық денсаулығына сараптама жүргізу үшін арыз түсіргені белгілі болды. Бұл туралы оның адвокаты Самат Мамутов айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, боксшы әлеуметтік желіде Әнару Құрманәліге қатысты тарап жатқан видеоларды тексеруді сұрап, полицияға өтініш білдірген. Сондай-ақ ол Құрманәлінің басқа адамдардың үстінен осылай арыз түсіріп, олардан ақша алғаны туралы деректерді тексертіп жатыр екен.
Оқи отырыңыз: Әнару Құрманәлі 8 жылға сотталуы мүмкін: Жанқош Тұраров оның үстінен арыз жазды
Егер осы ақпараттар ресми органдар арқылы расталса, сіздерге хабарлаймыз. Ал, бізге келіп түскен ақпарат бойынша және интернетте таралып жатқан бейнематериалдар бойынша, арызданушы Әнару Құрманәлі Жанқош Тұраровтың үстінен арыз жазған 19 тамыз күні Әуезов полиция басқармасына масаң күйде барған. Сол жерде басқа адамдармен жанжалдасып, төбелесіп, киімі жыртылып, жартылай жалаңаштанып, өзінің бейәдеп мінез-құлқын көрсеткен. Мен осыған байланысты сұрау салып, Әуезов полиция басқармасының ғимаратындағы бейнебақылау камераларының жазбасын сұратып, іске тіркеуге және тексеруге, оған құқықтық баға беріп, жаза қолдану туралы сотқа дейінгі тергеушіге өтініш білдірдім. Арызданушы Әнару Құрманәлидің өз әрекеттеріне жауап бермейтін теріс қылықтары интернетте тарап жүр. Егер ол рас болса, іс аясында арызданушыға сот-психиатриялық және наркологиялық сараптама жүргізуге өтініш білдіреміз. Өйткені, бізге ол психотроптық заттар қолданады деген ақпараттар түсіп жатыр, - дейді Мамутов.Фото: Qaz365.kz
Соңғы жаңалықтар
02.04.2026
16:36
Қостанайда полицейді сабаған үш бұзақы елімізді...
02.04.2026
16:16
Балалар қоршаудан ұшып кетті: Жетісу облысында ...
02.04.2026
16:05
Қазақмыс геологтардың жұмыс жағдайын жақсартуға...
02.04.2026
15:53
Қабатовтың екінші әйелі туралы тағы бір шындықт...
02.04.2026
14:43
Қазақстандықтарды жасына емес, еңбек өтіліне ба...
02.04.2026
14:09
Танымал мәдениет қайраткері дүние салды