Қайрат Нұртастың әкесі Алматыда бірнеше жыл бұрын концерттен кейінгі көтеріліс туралы айтты

29.07.2024
12:32
0
1253
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыдағы «Прайм Плазада» болған даулы оқиға туралы айтты. Нұртас Айдарбеков блогер Айнұр Асанбердіге берген пікірінде бұл жағдай ұлына аса ауыр соққы болғанын айрықша атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша Қайратты аяғынан шалып, бейберекет әрекеттер жасалған. Осы оқиғадан соң әншіні тіпті Республика сарайына кіргізбей қойыпты.
«Прайм Плазадағы» жағдайға Қайраттың ешқандай қатысы жоқ. Ән айту – Қайраттың жұмысы. Еңбекақысын төлеп, әжетхананың қасына аппаратура қойып берсе де ол ән айта береді. Өйткені ол – жұмысы. Қайратты шақырды, барды, ақшасын төледі, өлеңін айтты. Көтеріліс болу керек болды. Түйенің білетіні – жантақ, жұрттың білетіні – Қайрат. Қайраттың жеке концерті деп шулап кетті. Ол жалған. Ол жерде мыңдаған әнші өнер көрсетті. Сол кезде аяғынан қатты шалды. Халық жауы етіп қойды. Сол күні марқұм Арман Дүйсеновтің концерті болған. Қайрат 1-2 өлеңін айту керек болған. Сөйтсек, баламды Республика сарайына кіргізбей қойыпты. Сол жағдайлардан кейін кейбір үлкен кісілерге «халық жауы болса, алаңға алып шығып, атып тастасаңыздаршы» дедім. Содан кейін бір жыл Республика сарайында өнер көрсетпеді. Оның барлығы ауыр соққы ғой», - деді Нұртас Айдарбеков.Фото: Видеодан скрин
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

18.09.2025
23:18
Амантай қажының басы тағы дауға ілікті
18.09.2025
21:02
Жүкті Айжұлдыздың қайын атасымен түскен фотосы ...

18.09.2025
20:07
Елімізде Жасанды интеллект министрлігі құрылды

18.09.2025
19:01
Есірткімен ұсталған әнші Қаракесекке қатысты ақ...

18.09.2025
18:42
"Аттан": Амантай қажы Алматыдағы көпірді бояп ж...

18.09.2025
18:22
Гүлзира Айдарбекованың сүйікті келіні де сәби к...