«Қапастан шықса да қанаты сынбаған»: Мұхамеджан Тазабек Мұрат Әбділдаға қолдау білдірді
849
Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталып, абақтыға отырып шыққан Мұрат Әбділданы көп адамға үлгі етті, деп хабарлады Stan.kz.
Оның айтуынша, желі жұлдызы шынайы болмысымен көпшіліктің жүрегін жаулап алған.
Мұрат Әбділда – қарапайым халықтың нағыз өкілі. Әйтпесе, елден ерекше, жұрттан артық ештеңе істеген жоқ. Бірақ көптің шынайылыққа деген сұранысына жауап берді. Жалпы халқымыз өтіріктен, жалған қарым-қатынастан шаршады. Кім не айтса да «алдамаса екен, шынайы болсақ екен» деген аңсау әркімнің жүрегінде тұр. Мұрат сияқты қапастан шықса да қанаты сынбаған, мінезі мұқалмаған, қарапайым халықтың қамын ойлап, көкейіндегісін дәл айтатын бауырларымыз аман болсын! – деді Мұхамеджан Тазабек.Айта кетсек, Мұрат Әбділданың өзі «Қоғам дауысы» подкастына сұхбат беріп, кінәсін толық мойындағанмен, арандатушылардың торына түсіп қалғанын жасырмаған еді.
Бұрын-соңды түрме көрмеген соң, басында қатты күйзеліске түстім. Басыма түскен іс түсім сияқты болды. Балағат сөз айтқаным үшін қамалып кеттім. Негізі арандатушылардың ісі болды. Бекерден-бекер ешкімді боқтап сөйлемеймін. Арандатушылар шымбайыңа бататын сөз айтады, сондай кезде мен де есемді жібермеймін. Өзімнен де қате кетті. Қамалғаныма өзім ғана кінәлімін. Өнер адамының жүрегіне салмақ болатын жағдай өтті. Алла бәріне төреші. Қамалып кеткен қиын екен, – деген еді әнші.
Соңғы жаңалықтар
24.03.2026
09:26
Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, оңбай сө...
23.03.2026
17:17
АҚШ Иранды атқылауды 5 күнге тоқтатпақ
23.03.2026
16:52
Бестөбедегі шахтада заңсыз алтын іздегендер үйі...
23.03.2026
16:18
Тоқаев Иранның бауырлас елді бомбалауына алаңда...
23.03.2026
16:04
Наурызда несиеге сыйлық ала алмаған қазақстанды...
23.03.2026
15:00
Көрші елдің министрі темекі шеккені үшін жауапқ...