Қазақ эстрадасының танымал жұлдызы қайтыс болды
3956
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озды.
Бұл хабарды журналист Оралхан Дәуіт желідегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, ертең өнер иесінің жаназасы оқылады.
Қайран, Гүлнәр әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз... Алла Тағалам о дүниеңізді берсін. Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды, - делінген Оралхан Дәуіттің парақшасында.1985 жылы Гүлнәр Сиқымбаева "Гүлдерге" қабылданып, танымал ансамбльде өнер көрсеткен. Ол қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде ән шырқаған. Қырғызстан және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
Соңғы жаңалықтар
22.07.2026
10:42
«Украина емес»: Елші қазақ мұнайы тиелген танке...
22.07.2026
09:47
«Жауапты біреу айтып тұрды». Аша Матайға қатыст...
22.07.2026
09:31
Тоқаев бірқатар елшіні ауыстырды
22.07.2026
09:30
Сүт фермасындағы трагедия: әкесі екі баласымен ...
22.07.2026
00:32
Әнші Анатолий Цой шаңырақ көтерді
22.07.2026
00:20
«Еркектердің тестостероны түскен заман болды». ...