«Жауапты біреу айтып тұрды». Аша Матайға қатысты видео тарады
Әнші әрі актриса Аша Матайдың Қазақстан халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат болуы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Журналист Асхат Ниязов партия съезі кезінде Аша Матайға саясатқа қатысты бірнеше қарапайым сұрақ қойғанын айтты. Оның сөзінше, бастапқыда үміткер барлық сұраққа дұрыс жауап берген.
Алайда кейін видеоны монтаждау барысында жауаптар кезінде сырттан сыбырлап айтып тұрған адамның дауысы естілгенін байқағанын мәлімдеді.
«Алғашында оны қапыда қалдырмақ болдым, бірақ жауаптарының бәрін білді. Кейін монтаж кезінде оған жауаптарды біреу айтып тұрғанын естідім. Мұқият тыңдаңыздар», – деп жазды ол.
Журналист бұл үзінді саяси партиялар туралы шығарылымның екінші бөлімінде жарияланғанын хабарлады. Ал аталған видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды