Қазақстан спортшысы елдің азаматтығынан бас тартып, Ресейге ауысты

20.08.2024
19:27
0
142
Астананың «Барыс» клубының шабуылшысы Всеволод Логвин азаматтығын ауыстырды.
Ол Қазақстанның көк төлқұжатынан бас тартып, Ресей Федерациясының азаматы атанды. Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының сайтында жазылған.
Логвин «Барыс» хоккей клубының балалар-жасөспірімдер мектебінің түлегі. Өткен маусымда Андрей Скабелканың қарамағында негізгі құрамда ойнады. Ойыншы 24 матчта екі рет мергендік танытты.
Маусымның екінші жартысында Логвин мұхиттың арғы жағында өнер көрсетті. Американың «Три-Сити Сторм» командасында ойнаған. USHL чемпионатында 24 матчта 13 (6 гол, 7 нәтижелі пас) ұпай жинады.
Осы ретте Өскеменнің «Торпедо» клубының вице-президенті Юрий Петухов Sports.kz тілшісіне пікір білдірді.
«Жергілікті хоккейшілердің Ресей клубтарына ауысуы, азаматтықтан бас тартуы таңқаларлық жағдай. Ресейде қазір жағдай мәз емес екеніне қарамастан кетіп жатыр. Бәлкім спортшы бір перспектива көрген болар. Бұл оның таңдауы», - дейді маман.
Фото: "Барыс" ХК
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

22.10.2025
22:47
Нұрлан Еспанов: «Көңілді адамға өмірде ештеңе б...

22.10.2025
21:49
Нұрлан имамның «қыз баланың мысық бағуына болма...

22.10.2025
21:06
Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиева балаларына ...

22.10.2025
19:40
Айдана Меденова босану кезінде ес-түссіз қалған

22.10.2025
19:08
50-ден астам депутат Halyk Bank атауындағы «хал...

22.10.2025
18:49
Алтынай Жорабаева жүктілігін жариялаған сәттің ...