Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы үш алтынмен толықты

20.09.2026 14:04 Қарақат АСЫЛОВА
Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы үш алтынмен толықты
177
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Аичи-Нагоядағы XX жазғы Азия ойындарында жүлде қорын толықтырып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бір күннің өзінде қазақстандық спортшылар бірнеше алтын медаль жеңіп алды.

Алдымен велошабандоз Алексей Луценко ерлер арасындағы жеке уақыт жарысында топ жарды. Ол қашықтықты 41:24.05 нәтижесімен аяқтап, Азия ойындарындағы алтын медальдар санын беске жеткізді. Луценко бұған дейін 2014, 2018 және 2023 жылдардағы Азиадаларда да чемпион атанған.

Каратэден Жоламан Биға­был да Қазақстан қоржынына алтын салды. 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Өзбекстан өкілі Хумоюнмирзо Халимовпен кездесіп, 9:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал Софья Берульцева әйелдер арасындағы 68 келіден жоғары салмақта чемпион атанды. Финалда қазақстандық спортшы Таиланд өкілі Маниван Буцуванды жеңіп, Азиададағы екінші қатарынан алтын медалін алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Азиада-2026-дағы алтын медальдар саны артты. Берульцева үшін бұл Ханчжоудағы жеңісінен кейінгі екінші чемпиондық болса, Луценко Азия ойындарында бесінші рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Войдите, чтобы оставить комментарий