Қазақстандық блогердің арнауы Өзбекстанның тәуелсіздік күнінде шырқалды
866
Қазақстандық блогер Бек Шмат Өзбекстанның Олимпиада ойындарындағы жетістігіне арнап ән шығарған еді. Бұл ән Өзбекстанның тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шарада шырқалды.
Бұл туралы оның өзі Instagram-дағы парақшасына жазды.
Бір минуттық еңбегімді бір елдің тәуелсіздік мейрамында сахнада шырқатқан барша Өзбекстан халқына, президенті Шавкат Мирзиёевке алғысым шексіз. Мерекелеріңіз құтты болсын! - деді Бек Шмат.Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиадаға өзбекстандық 90 спортшы қатысқан еді. Олар 19 спорт түрінен сынға түсіп, 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде жеңіп алды. Бұл көрсеткішпен Өзбекстан құрамасы жалпы есепте 13-орынға тұрақтады. Осылайша, Орталық Азия мен ТМД елдері арасында Париж Олимпиадасының медаль саны бойынша көш бастады. Ал Қазақстан құрамасы 1 алтын 3 күміс, 3 қола жүлдемен жалпы есепте 43-орынға табан тіреген еді. Фото: president.uz
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
14:19
«Қатты жүдеп, шөгіп кетіпті»: Уәлибек Әбдірайым...
15.09.2026
13:42
Болат Нұрсейітов ШҚО полициясы басшысының бірін...
15.09.2026
12:40
Жамбыл облысында полиция майоры ұсталды
15.09.2026
12:15
"Қобалжып жүрмін": Дана Нұржігіт жаңалығы барын...
15.09.2026
12:04
Сәбидің өлімін көршілер чатынан білген: Астанад...
15.09.2026
12:03
«Үш баланың анасы»: АҚШ-та қазақстандық әйелдің...