Болат Нұрсейітов ШҚО полициясы басшысының бірінші орынбасары болды

15.09.2026 13:42 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Болат Нұрсейітов ШҚО полициясы басшысының бірінші орынбасары болды
142
Фото: gov.kz

Болат Ерденұлы Нұрсейітов 2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін ол Павлодар облысында жұмыс істеген. 2022 жылдың ақпанынан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, ал 2025 жылдан бастап бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Болат Нұрсейітовтің арнайы атағы – полиция полковнигі. Құқық қорғау органдарында 1996 жылдан бері қызмет етіп келеді.

1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ заң институтын, 2003 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясын тәмамдаған.

Қызмет жолын Қостанай облысы бойынша МТКБ кезекші бөлімінде кезекші көмекшісі болып бастаған. Кейін әртүрлі жедел және басшылық қызметтерді атқарған.

2004 жылдан бастап Павлодар облысы ІІБ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметінде жұмыс істеген. Мұнда аса қауіпті қылмыстарды ашу және қылмыстық процесс қатысушыларын қорғау бөлімінде аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл болған.

2005 жылдан бастап аса қауіпті қылмыстармен күрес бөлімін басқарған. 2009–2010 жылдары Павлодар қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы, 2012–2015 жылдары осы қаланың ІІБ бастығының орынбасары болған.

2015–2017 жылдары ҚР ІІМ орталық аппаратында жұмыс істеген. Осы кезеңде Криминалдық полиция департаментінің жеке адамға қарсы аса ауыр қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасында қызмет атқарған.

2018–2022 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімін басқарған.

Войдите, чтобы оставить комментарий