«Қазақтар күліп еді»: өзбек бапкері боксшыларының ең озық екеніне сенімді
843
Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында әлемде өзбек боксшыларына тең келетін боксшылардың жоқ екенін айтты.
Өздері осы жетістікке қол жеткізе алмаған адамдар Өзбекстан алтынды сатып алды деп айтады. Өздері чемпион болса, саналып, біздікі саналмайды екен. Ондай болмайды. Біздің 7 алтын алуға шамамыз жетеді. Әлемде біздің 7 боксшымызға тең келетін боксшы жоқ. Кез келген адаммен осы жөнінде пікір алмаса аламын. Мен барлық боксшымыздың алтын алатынына сенімді едім. Егер бәрі әділ өткенде, біз 7 алтын алатын едік. Олимпиада алдындағы бір сұхбатта 5 алтын аламыз дегенімде, қазақстандық блогерлер күліп еді. Бұл күпірлік емес, шындықты айтып отырмыз. Біздің балалар барлық тараптан, физика, психология, тактика жағынан мықты, - дейді ол.Сонымен қатар, Толқын Қылышев 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кеткенін де жасырмады.
Қазір келесі олимпиадаға дайындықты бастап кеттік. Боксшылар 1 ай ғана демалды. Біз оларды бір айда 3-4 күнге ғана жібереміз. Егер 10-15 күнге жіберсек, жасаған барлық дайындық, тактика босқа кетеді. Үйлеріне 10 күнге жіберсек, Олимпиадада 5 алтынды қайдан аламыз? Ендігі мақсат – 2028 жылы барлық салмақта алтын алу. 10 салмақ болса, 10 алтын, 7 салмақ болса, 7 алтын, 5 салмақ болса, 5 алтын аламыз, - деді бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері.
Соңғы жаңалықтар
30.03.2026
16:26
«Қазақстандықтардың зейнетақысынан 20 пайыз ұст...
30.03.2026
15:59
Қазақстанда әр азаматқа 300 мың теңге төлеу ұсы...
30.03.2026
15:29
Атырауда ұлының арызынан кейін қамауда отырған ...
30.03.2026
15:05
"Айтатын жаңалық көп": Көптен бері көрінбеген Д...
30.03.2026
14:14
Сатыбалды қаланы басына көтеріп жолда жарысып а...
30.03.2026
14:12
Әнші Алтынай Жорабаеваның екінші қызы тұрмысқа...