«Қазақфильмнен» шеттетілген Азамат Сатыбалды астарлы жазба жариялады
1051
Жуырда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті қызметінен кеткен актер Азамат Сатыбалды жаңа жазба жариялады, деп хабарлады politico.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңадан туған қасқыр балаларына азық іздеуге шыққанда, аңшы бөлтіріктерінің тірсегін кесіп кетеді. Тірсегі кесілген бөлтірік дімкәс болады, жатыпішер. Аузын ашып тамақ сұрай береді, одан басқаға шамасы жоқ. Анасы тамақ тасумен әуре. Содан қозғалмай жатып, ішіп-жеп, тойып алған қасқырдың семіретіні анық. Күндердің күні туғанда... Аңшы асықпай келіп, терісін бұзбай, олжасын алып кетеді екен. Солай, - деп жазды ол.Айта кетсек, шілде айында «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірген болатын. Өйткені мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген. Осыдан кейін көп уақыт өтпей, Азамат Сатыбалды қызметінен кетті. Экс-президент бұған дейін қызметкерлердің талап-арызын аяқтан шалу және жала жабу деп есептейтінін айтқан еді.
Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27.09.2026
17:04
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушіл...
27.09.2026
16:13
«Никита өзін өзі құтқарды»: Каспийдегі қайғылы ...
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...
27.09.2026
13:38
«Менің күйеуім кінәлі емес»: 14 сарбаздың қазас...