"Ұрғанын жақсы білесіздер": Нұрила Ақберген өзін сынаған "Меломен" жігіттеріне жауап берді
334
Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген өзін" хайп жасап жатыр" деп сынға алған "Меломен" тобының жігіттеріне жауап берді. Блогер ару күйеуінің өзіне қол көтергенін олар білетінін айтты,-деп хабарлайды politico.kz
Нұрила Ақберген желіде өзін қаралаған күйеуінің достарына өкпе-ренішін айтты. Сөзінше, олардың әйелдері де бұл жағдай жөнінде хабардар. "Жігіттер, ол ұрмадым деген жоқ. Ол бұл ісімен мойындап тұр. Мені шындығымды айтақыным үшін кінәлап тұр.
Сіздер бәрін білесіздер. Кезінде Ғабиттің ұрғанын жақсы білесіздер. Оған тіпті "Хабиб" деп ат қойып, әзілдегендеріңізді де білемін. Сол үшін ұялыңыздаршы. Ұяттың да шегі болады. Басқалай қорғаңыздар. Шындықты біле тұра жасырып, зорлық-зомбылықты қолдау - нағыз ұят осы. Қазақ жігіттері дегенге келмейді. Олардың әйелдері менің шекемнің ісіп жүргенін көрді. Көлсайға баратын болып, жиналып жатқанда Ғабит екеуміз сөзге келіп, сол кезде де таяқ жедім. Соны әйелдері біледі. Сол кезде ғана оның қол көтеретінін айттым. Оған дейін айтпағанмын. Енді маған қара жағулары ессіздік. Ұялу керек", - деді Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі "Көзқарас" подкастында.
Соңғы жаңалықтар
21.03.2026
17:38
Қарағандыда әйелге жарық бағаны құлап, көз жұмды
21.03.2026
16:24
Асқар Жұмабек қамауға алынды
21.03.2026
15:32
Жетісуда заңсыз қазба жасаған Қытай зауытына 26...
21.03.2026
14:41
Астана – Алматы тас жолында автобус жүк көлігін...
21.03.2026
13:41
Қуандық Рахымның отбасы қара жамылды
21.03.2026
13:24
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мер...