Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салуды талап етті
575
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, ЛГБТ мен феминита қауымдастығына қатысты мәселе көтерді.
Депутат бұл сауалды "шегіне жеткен шыдамның, тапталудан төзімі таусылған намыстың ащы дауысы" екенін де айтты.
"Қазақ жастарын азғындатып, болашағымыздың тамырына балта шапқысы келетін әлемдік деңгейдегі жауыз ұйым – ЛГБТ мен феминита қауымдастығы. Аз ғана уақытта жастарымызды азғындыққа жетектеген жексұрын ұйымдар бүгінде мемлекеттің әрекетсіздігінен әбден басқа шауып, төске өрледі", – дейді депутат.
Депутаттың сөзінше, 2 аптада 50 мыңнан аса қол жинаған Бағила Балғабаеваның бастамасымен жазылған петицияға дабыл қағып, әрқайсына 11 мәжіліс депутаты қол қойып, сауал жолдаса да, бұл іске құқық қорғау органдары араласпаған.
"Еш жазаға тартылмасына көзі жеткен азғындар күні кеше Алматыда Құрылтай өткізетінін ашық хабарлады. Әлмисақтан ел мен жердің, ұлыс пен ұлттың тағдыры талқыланатын құрылтай деген қастерлі ұғымды осынша төмендеткенде біз неге қарап қалуымыз керек?! Мемлекет басшысының өзі үйлестірген еліміздің Ұлттық құрылтайының маңызы мен мағынасына нұқсан келтіретін бұл феминита азғындарына неге тоқтау жоқ?! Олардың артында кім тұр, оларға қаржы бөлетін кімдер және олардың көздеген түп мақсаты не?
Сонда қалай?! Әншейінде кез келген мәселені майшаммен қарайтын құқық қорғау органдары, ЛГБТ ұйымына келгенде "тәртіпті қауқарсыз" бола қала ма? "Малғұннан асқан мыстан жоқ, Азғыннан асқан дұшпан жоқ" екенін естеріңізге тағы салайын, ендеше", – деді ол.
Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
14:07
Әнші Шәріпов авторлық құқық туралы: Бұл — жылай...
10.09.2026
14:03
Перзентханада екі медбикеге пышақпен шабуыл жас...
10.09.2026
13:50
Құрылтай депутаттары айына 1 млн теңгеге дейін ...
10.09.2026
13:45
"Миллиондаған көрерменге вирус жұқтырды". Тіл ж...
10.09.2026
13:29
Қазақстан мектептерінде оқушыларға амандасу әде...
10.09.2026
13:06
Депутаттың айлығы қиыла ма? Құрылтайдағы жаңа т...