Роман Скляр Қытайдағы кезекті кездесуінде баяндамасын тағы да қазақша жасады
854
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР-дағы электр энергиясын ірі өндірушілердің бірі – қытайлық China Datang Corporation Ltd компаниясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлады politico.kz.
Талқылау барысында Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің энергетика саласын дамыту, оның ішінде инвестиция тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысын атап өтті. Электр және жылу энергетикасында жаңа қуаттар енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды.
Бұл ретте желі қолданушылары оның іскерлік топ алдында таза қазақша сөйлегенін таңданыспен қабылдаған. Ал бұл вице-премьердің Қытай еліне жасап отырған алғашқы сапары емес және ол әр дипломатиялық кездесуде баяндамасын тек қазақша жасайды.
Мысалы, Роман Скляр биыл 2 шілдеде де Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлеген болатын. Әрине, билік басындағы өзге ұлт өкілінің мемлекеттік тілге деген мұндай құрметі – өзге отандастарымызға, әсіресе, ана тілінде сөйлеуді ар санайтын қаракөздерге зор үлгі.
Соңғы жаңалықтар
09.09.2026
19:10
200 студент шетелде шарасыз қалды: Лос-Анджелес...
09.09.2026
19:10
ҰҚК Шымкенттегі санэпидбақылау басшысын тергеп ...
09.09.2026
18:27
«Өлімші етіп сабап, жүксалғышқа салып әкеткен»:...
09.09.2026
18:15
Ақтөбелік полицей әйелге сот өз күйеуіне жақынд...
09.09.2026
18:14
Қанат Айтбаев: Қызым ұзатылған соң, 3-4 күн сөй...
09.09.2026
18:10
Атырау облысында 14,7 млрд теңгеге салынған жол...