"Шиеленіс күшейді": Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасалды

05.09.2024
18:26
0
195
Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.
Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы.
"Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес. Сонымен қатар елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу паналауға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады", - делінген хабарламада.
Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031.
Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408.
Айта кетейік, күні кеше Украинадағы Полтава әскери институтына баллистикалық зымырандармен екі рет шабуыл жасалып, кемінде 50 адам қаза тапқан болатын. Тағы 271 адам жарақат алды. Сонымен қатар телекоммуникация институтының ғимараттарының бірі жартылай қирап, адамдар үйінділердің астында қалды.
Фото: Reuters
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

11.07.2025
18:25
Бауыржан Исаев: Өнерде 30 жыл жүрсем де атақ бе...

11.07.2025
17:47
«Бәрі жақсы болады»: Мәдина Сәдуақасова Тұрсынб...

11.07.2025
17:18
Ұлттық байлық қай қолға өтеді? 39 кен орны аукц...

11.07.2025
17:16
Белгілі журналист басшылық қызметке тағайындалды

11.07.2025
16:46
«Балам үшін митингке де шығамын»: Шерзат ісі бо...

11.07.2025
16:36
Тоқаев Алакөлдегі қызмет сапасын сынға алды