ШЫҰ тарихындағы жаңа дәуір басталады – сарапшы
3027
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеу бөлімінің аға сарапшысы Әукен Бауыржан ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға келу жөнінде және ШЫҰ Астана саммитіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды politico.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Әукен Бауыржан саммит аясында Қазақстанның бастамасы болатын есірткі айналымына қарсы 2029 жылға дейінгі құжатқа қол қойылатынын айтады.
Бүгін Қазақстанға мемлекеттік іс сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді. Іс сапар барысында Қазақстан-Қытай іскерлік кеңістігінің VII отырысы өтеді. Отырыс барысында мұнай, газ және өзге де салаларда бірқатар келісімшартқа қол қойылады. Сондай-ақ бұл ұйымның тарихының жаңа бір дәуірі басталды. Саммит аясында 20-ға жуық құжат бекітіледі. Олардың ең маңыздысы - Астана декларациясы болмақ. Декларация ұйымның болашақта даму стратегиясын, мемлекеттердің бірлескен нәтижеге алып келетін қадамдарын айқындайды. Сондай-ақ саммиттің тағы бір ерекшелігі Қазақстанның бастамасы болатын есірткі айналымына қарсы 2029 жылға дейінгі стратегияға қол қойылады. Астанадағы саммит Еуразиядағы тұрақтылықты, өзара келісімді, диалогты меңзейтін алаңға айналмақ, - дейді Әукен Бауыржан.Сарапшы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға келуі үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
Қазақстан мен Қытай арасында көлік-логистика саласында, Транскаспий дәлізін дамыту бойынша жобалар іске асырылмақ. Себебі бұл Қазақстан үшін де, Қытай үшін де аса маңызды жоба. Елімізге ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің келуі, іскерлік келісімшарттарға отыруы үлкен маңызға ие. Қазақстанмен байланыстардың нығаюы екі жақтың емес, көп жақты форматтағы байланыстардың өрбуіне, серіктестіктің дамуына алып келеді. Себебі өзіміз білетіндей Қазақстан аймақтың экономикалық тұрғыдан алатын болсақ, дамыған ел болып табылады. Сондай ақ Қазақстанмен байланыс Орталық Азия елдеріндегі ынтымақтастықтың кеңеюіне әкеліп соғады,- дейді ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеу бөлімінің аға сарапшысы Әукен Бауыржан.
Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27.09.2026
17:04
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушіл...
27.09.2026
16:13
«Никита өзін өзі құтқарды»: Каспийдегі қайғылы ...
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...
27.09.2026
13:38
«Менің күйеуім кінәлі емес»: 14 сарбаздың қазас...