Төреғали тағы да "таяқтың астында қалды"
2422
Танымал әнші Төреғали Төрәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Өнер иесі парақшасына жаңа вайн жүктеді. Бейнеде ұялы телефонынан басқа қыздың билегенін көріп отырған Төреғали Төреәлі әйеліне ұсталып қалады. Мұны көрген жұбайы әншіні "таяқтың астына алып", көзін көгертеді.
"Көзіміз көгергенше, өзіміз көгеріп, көктейік ағайын!" - деп жазған әнші.
Өнер иесінің жаңа видеосы Желі қолданушыларын әбден күлдіртті.
"Арасында картопты жарып тұрсайшы, Төреш", "Төреғалиға бәрі жарасады. Актерлық шеберлігі мықты", "Ертең бәрін көзден сұрайды", "Төрешті сабайтын адам табылған ба?", "Бәрі жарасады, алғағ аман жүр, елдің еркесі болып, тек халқыңа айтар жақсы сөздерің бітпесін", "Қораға кіріп кетпеші, бәрі көрініп тұр", "Сауап болыпты", - деп жазған олар.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
08:15
Каспийдегі трагедия екі бап бойынша тергеліп жатыр
25.09.2026
00:58
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты
25.09.2026
00:28
Allur, QazTehna, Agromash зауыттары қаза тапқан...
24.09.2026
23:27
Балалар үйінің тәрбиеленушісін қорқытып, ақшасы...
24.09.2026
23:21
Шалқардағы қанды төбелес: ауылдасын өлтірген ст...
24.09.2026
22:47
Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың ...