Тайфун: Жапония билігі 5,2 млн адамды шұғыл эвакуациялап жатыр
0
569
Жапонияда «Шаньшань» тайфуны салдарынан 4 адам қаза тапты, тағы біреуі хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Шамамен 90 адам зардап шеккен. Бұл туралы NHK арнасы хабарлады.
Сондай-ақ ол елде 200 мыңнан аса үй жарықсыз қалып, жүздеген әуе рейсі тоқтатылды, ірі зауыттар жабылды.
Билік қазір бүкіл ел бойынша 5,2 миллионнан аса адамды эвакуациялап жатыр. «Шаньшань» қазірдің өзінде аймақта тіркелген ең қуатты тайфундардың бірі аталады.
Ұлттық метеорологиялық агенттіктің мәліметі бойынша, апат аймағында соққан дауылдың жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жетті. Синоптиктер алдағы бірнеше күнде «Шаншань» Кюсюде белсенділік танытады деп болжайды. Ал демалыс күндері орталық және шығыс аймақтарға, соның ішінде ел астанасы – Токиоға да жақындайды, - делінген хабарламада.Кюсюдің көптеген ауданында пойыздар, автобус және паром қызметтері тоқтатылды. «Шаньшань» – осы айда Жапонияны орап өткен екінші тайфун. Тамыз айының басында «Ампил» тайфуны бірқатар префектураны жарықсыз қалдырған болатын. Ол кезде де ондаған мың адам эвакуацияланды. Фото: видеодан скриншот
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
30.10.2025
22:39
Жұлдыз Қайрат Нұртастың не істеп жатқанын көрсетті
30.10.2025
20:23
Шымкентте мәйітті алып кету үшін ақша сұраған
30.10.2025
19:58
Барлығын Тасқынмен салыстырамын – Роза Рымбаева
30.10.2025
18:45
"Ешкімге ештеңе білдірмеді": Танымал актердің о...
30.10.2025
18:41
«Өз анамды шақырдым»: Заңғар Нұртастың әйелі ен...
30.10.2025
18:37
"Айтбек пен Бишімбаевтың қосындысы": SayMo-ның ...