Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды
1226
Алматы облысында Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан бірнеше күн бұрын қашып кеткен күдікті ұсталды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тереңқара ауылының шетінде 21 қазан күні уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды.
Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты. Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді, - деді полиция өкілдері.
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...
19.09.2026
14:09
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026
13:26
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғы...